Авиациялық колледж жанындағы оқу-әдістемелік бірлестік
"Азаматтық авиация академиясы" АҚ
0716 автокөлік құралдары, теңіз және әуе кемелері
"авиациялық техника" бейіні бойынша
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 509 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 62 бұйрығы негізінде әрекет етеді бейіндері және олардың қызметі туралы ережені бекіту бойынша"
Оқу-әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі нысандары
- Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді дайындау бойынша жұмыс жүргізу;
- Мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын және үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуге (өзектендіруге) және сараптауға қатысу;
- Оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар ұйымдастыру және өткізу;
- Оқу құралының білім беру бағдарламаларына, тест тапсырмаларына сараптама жүргізу, рецензиялау;
- Әлеуметтік серіктестермен өзара әрекеттесу;
- Біліктілікті арттыру және кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
- Жұмыс берушілер бірлестіктерімен бірлесіп білім алушылардың білімін, іскерлігін, дағдыларын және құзыреттерінің қалыптасу деңгейін бағалау үшін бағалау құралдарын әзірлеуге қатысу;
- ТжКБ саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау бойынша ҚР БҒМ жұмыс топтарына қатысу;
- Білім беру оқу бағдарламаларының ақпараттық деректер банкін құру, мамандарды даярлау сапасының мониторингін ұйымдастыру.
- Жастар мен жұмыспен қамтылмаған халық арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу.
Авиациялық техника" бейіні бойынша ОӘБ құрамына кіретін мамандықтардың коды мен атаулары.
07160800 |
|
Жердегі авиациялық радиоэлектрондық жабдықты техникалық пайдалану |
07160900 |
|
Әуе кемелеріне жерүсті қызмет көрсету |
07161000 |
|
Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
07161100 |
|
Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе |
07161200 |
|
Әуе кемелерін пайдалану және ұшу-ақпараттық қамтамасыз ету |
10410100 |
|
Әуе тасымалын ұйымдастыру |