ТОП-249-4 тобының студенті Қорғасбаев Айболға үлкен алғыс пен құрмет!
23 қараша 2025 жылы өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында (Ренат Валияхметовты еске алуға арналған) грэпплинг Gi бағыты бойынша еліміздің көптеген мықты спортшылары қатысқан үлкен додада 1-орынды жеңіп алып, колледжіміздің абыройын тағы да асқақтатты!
🥇 Айболдың бұл жеңісі – қажырлы еңбектің, табандылықтың және жоғары деңгейдегі дайындығының нәтижесі. Ол өз үлгісімен жастарға жігер беріп, колледжіміздің намысын лайықты қорғады.
👏 Қорғасбаев Айболды шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жеңістер мен биік белестерді бағындыруды тілейміз!
Колледжіміз сенімен мақтанады!