Декада аясында «Әуе компаниялары өкілдерімен студенттерге арналған қонақ лекциясы» атты іс-шара өткізілді.
Кездесу барысында қонақтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, авиация саласындағы кәсіби жолдары жөнінде айтып, жетістіктерімен студенттерімізді шабыттандырды. Студенттер де белсенділік танытып, қызықтырған сұрақтарын қойды.
Авиациялық колледж қонақтарымызға шын жүректен алғыс білдіреді. Сіздердің авиация саласындағы кәсіби тәжірибелеріңіз бен білімдеріңіз студенттеріміз үшін құнды шабыт көзі болды.
Біздің қонақтар:
Жұмаділов Олжас Болатұлы – «Қазавиақұтқару» АҚ-ында ресейлік өндірістегі тікұшақтарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі В2 санатындағы аға инженер;
Кодинцев Марк Степанович – «SCAT» АҚ механигі;
Бекмухамбетов Аслан Калкаманович – «Қазаэронавигация» РМК кәсіби даярлық орталығының директорының орынбасары;
Когай Илья Витальевич – TRC жерүсті қызмет көрсету агенті.
Іс-шараны колледж оқытушылары ұйымдастырды: Бейсебекова М.И., Ахметова Т.Ш.