«Транспорттық және радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану» бөлімінің барлық бірінші курс студенттері бүгін таныстыру экскурсиясы аясында «405-Авиажөндеу зауыты» АҚ-ында болды.

«Транспорттық және радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану» бөлімінің барлық бірінші курс студенттері бүгін «405-Авиажөндеу зауыты» АҚ-ына таныстыру экскурсиясы аясында барып қайтты. Студенттер авиациялық техниканың техникалық қызмет көрсету және жөндеу қалай жүргізілетінін көріп, өндірістік процестермен және мамандықтармен жақын танысты.

🔧 Экскурсия студенттердің кәсіби қалыптасуындағы маңызды қадам болды – олар мамандарға сұрақ қойып, жауаптарын тыңдап, заманауи технологияларды көріп, болашақ мамандықтарының маңыздылығын түсінді.

Экскурсияны өткізген мамандар:

  • Соколов Руслан Олегович – соңғы құрастыру кешенінің АиРЭО шебері;

  • Мусина Мансия Жүсіпбекқызы – АиРЭО бас технологының орынбасары (АО «Азаматтық авиация академиясы» түлегі);

  • Дайнеко Татьяна Николаевна – кадрларды даярлау инженері.

🙏 Зауыт басшылығына және қызметкерлеріне жылы қарсы алуы, қызықты экскурсиясы және студенттердің кәсіби дамуына қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Осындай кездесулер білім мен өндіріс арасындағы берік байланысты қалыптастырады!

Экскурсияны ұйымдастырған колледж оқытушылары:

  1. УПР жөніндегі директордың орынбасары – Шонжикенов Қ.А.

  2. 2-ші бөлімше меңгерушісі – Толекова А.К.

  3. Оқытушылар – Бейсебекова М.И., Ахметова Т.Ш., Болысбекова А.Е.

© 2026 Авиациялық колледж