Декада аясында Авиациялық колледждің екінші курс білім алушылары үшін «Қазавиаспас» АҚ аумағында экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияны жүргізгендер: Степичев Павел Александрович – В2 санаттағы инженер; Шелдібай Нұрлан Жанжігітұлы – учаске басшысының орынбасары; Дуганов Молоджан Маратович – борт операторы.

Декада аясында Авиациялық колледждің екінші курс білім алушылары үшін «Қазавиаспас» АҚ аумағында экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияны жүргізгендер:

  • Степичев Павел Александрович – В2 санаттағы инженер;

  • Шелдібай Нұрлан Жанжігітұлы – учаске басшысының орынбасары;

  • Дуганов Молоджан Маратович – борт операторы.

Авиациялық колледж «Қазавиаспас» АҚ-ға жемісті ынтымақтастығы, өндірістік тәжірибені ұйымдастыруға белсенді қатысуы, экскурсия өткізуі және жоғары білікті мамандарды даярлауда көрсеткен қолдауы үшін шынайы алғысын білдіреді. Бұл экскурсия студенттердің болашақ мамандығымен және тәжірибеден өтетін орнымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Кәсіпорын аумағында болған кезде студенттер оның қызмет бағыты мен тарихы туралы білді. Олар техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізілетін ангарларды, соңғы құрастыру кешені аумақтарын, сондай-ақ жерүсті және ұшуға дайындық жұмыстары жүзеге асырылатын аймақтарды көрді. Білім алушылар көптеген пайдалы және қызықты ақпарат алып, болашақ мамандықтарына қажетті мағлұматтармен танысты.

Экскурсияны колледж оқытушылары ұйымдастырды:

  1. ОӨЖ жөніндегі директордың орынбасары – Шонжикенов Қ.А.

  2. 2-ші бөлім меңгерушісі – Толекова А.К.

  3. Оқытушылар – Бейсебекова М.И., Болысбекова А.Е., Ахилбек С.Н.

© 2026 Авиациялық колледж