Алматы қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында авиация колледжінің студенті Айдабол Қорғасбаев чемпион атанды

Алматы қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында авиация колледжінің студенті Айдабол Қорғасбаев чемпион атанды

2025 жылғы 20 қыркүйек, Алматы — Авиация колледжінің Топ 249-4 КМТ тобында білім алатын студент, Қорғасбаев Айдабол Болатбекұлы, Алматы қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бірінші орынды иеленіп, әлем чемпионы атанды. Айдабол 73 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыластарының бәрін сенімді түрде жеңді.

Чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік жас спортшылар қатысты, бәсекелестік өте жоғары болды. Соған қарамастан, Айдабол тамаша дайындық пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, мықты техникасы мен жеңіске деген жігерінің арқасында финалға дейін сүрінбей жетті. Шешуші белдесуде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.

© 2026 Авиациялық колледж