🗓️30 мамыр 2025ж. Колледжімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында қала колледждерінің студенттері арасында ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция – ҚР азаматының құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі» атты зияткерлік пікірталас ойыны өтті. 🖇️Ойын барысында қатысушылар қоғам өмірінен нақты мысалдар келтіре отырып, еліміздегі ауқымды тақырыптарды аша білді. Жүлделі орын иегерлері: 🥇орын – Нархоз Университетінің экономикалық колледжі «Absolute» командасы; 🥈орын – Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжінің «Қазына қырандары» командасы; 🥉орын- Әл-Фараби атындағы КазҰУ колледжінің «Сұңқар» командасы және Еуразиялық аграрлы- техникалық колледжі “Болашақ” командасы. Сонымен қатар, жекелеген қатысушылар «Ең сауатты баяндау», «Ең табанды қатысушы», «Ең шешен ойыншы» номинацияларымен марапатталды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!✨👏