Бұл экскурсия студенттерді болашақ мамандығымен және өндірістік практика өтетін орнымен таныстыру мақсатында өткізілді. Кәсіпорын аумағында болған студенттер зауыттың мақсаты мен тарихымен танысып, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізілетін ангарларды, соңғы құрастыру кешені мен жерүсті және ұшу сынақтары өтетін аумақтарды көрді.
Студенттер өз болашақ мамандықтарына қажет көптеген пайдалы және қызықты ақпарат алды.
Экскурсияны ұйымдастырған колледж оқытушылары:
Оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары – Шонжикенов Қ. А.
Оқытушы – Бейсембекова М. И.
Оқытушы – Маликова Е. М.