– Дәулет, жасанды интеллект құралдары тарихты көрсетуде жиі қолданылып жүр. Сіз мұғалім ретінде бұған қалай қарайсыз?
– Бұл өте қызықты құбылыс. Қоғамда мұндай бейнелер әртүрлі реакция туғызуы мүмкін – бірі құптаса, екіншісі күмәнмен қарайды. Менің ойымша, бұл – жас ұрпақпен тіл табысудың, оларға тарихты жаңа форматта жеткізудің тиімді жолы. Қазіргі жастар көбінесе ақпаратты визуалды түрде қабылдайды. Сондықтан ЖИ көмегімен жасалған бейнелер олардың назарын аударып, тарихи тұлғалар мен оқиғаларға деген қызығушылығын арттырады. Бүгінгі ұрпақ – бейнелі ұрпақ. Олар ақпаратты мәтін түрінде емес, көрініс арқылы қабылдайды.
– Бәрі контентке байланысты. Егер материал сауатты құрастырылса, көрерменге әсерлі әрі мағыналы болса, тарихтың өзі тіріліп кеткендей әсер қалдырады. Білімнің қабылдануы да соған сай өзгереді. Көп жағдайда мұндай формат баланың сыни ойлауына да серпін береді, ол көргеніне сеніп қана қоймай, сұрақ қоя бастайды. Сол сәтте бала жай ғана көрермен емес, зерттеушіге айналады.
– Сіз өз сабағыңызда ЖИ-видеоларды немесе басқа нейрожеліге негізделген технологияларды қолданасыз ба?
– Жиі қолданамын. Сабақ барысында қысқаметражды ЖИ-видеоларды, визуализация құралдарын, оқытуға арналған контенттерді пайдаланамын. Биология пәнінде, мысалы, жасуша бөлінуі немесе адамның ми құрылымы сияқты күрделі процестерді оқушыларға оңай түсіндіру үшін нейрожелі арқылы жасалған бейнелер үлкен көмек береді. Бұл олардың сабақты терең әрі есте қаларлықтай меңгеруіне ықпал етеді.Жасанды интеллект адамзаттың досы ма, жауы ма?