2025 жылдың 6 мамыр күні 1-курс білім алушыларының қатысуымен салтанатты Әскери шеру ұйымдастырылды. Іс-шара Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай өткізілді.

2025 жылғы 6 мамырда 1-курс білім алушылары арасында Әскери шеру өтті

2025 жылдың 6 мамыр күні  Ерлан Жумагазиевич, Талгат Түлепкалиевич, Дастан Даулетханұлының ұйымдастыруымен ,1-курс білім алушыларының қатысуымен салтанатты Әскери шеру ұйымдастырылды. Іс-шара Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай өткізілді.

Шеруге қатысушылар саптық дайындықтарын көрсетіп, әскери киім үлгісінде саппен жүріп өтті. Шара барысында патриоттық әндер шырқалып, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілді. Әскери шерудің негізгі мақсаты — білім алушылардың патриоттық рухын көтеру, әскери тәртіп пен жауапкершілікке баулу болды.

Шеруге оқу орны басшылығы, ардагерлер және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Олар жас сарбаздарға сәттілік пен табыс тілеп, болашақ Отан қорғаушылар ретінде тәрбиеленіп келе жатқан жастарға зор сенім артатынын жеткізді.

© 2026 Авиациялық колледж