
2025 жылдың 14 -наурызында Авиация колледжінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Толық адам» тағылымын қалыптастыру мақсатында «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты әдеби-сазды кеш өтті. Бұл кеш ұлы ақын мұрасы арқылы, оның «Толық адам» туралы тағылымы негізінде білім алушыларға Абайдың дана сөздерінен, оның шығармашылығындағы терең мәнді түсіну, өмірлік ұстанымдарынан, сонымен қатар, оның өміріндегі терең философиядан рухани азық алып, ұлы ақынның мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу үшін өткізілді.