
Авиациялық колледжде жыл сайын өтетін Тілдер апталығы 13.03.2025– студенттердің тілдік білімін жетілдіру және көптілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын маңызды шара. Апта бойы түрлі байқаулар, викториналар, дебаттар және шығармашылық кештер өткізіледі. Студенттер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өз білімдерін көрсетіп, тілдік дағдыларын дамытады. Бұл іс-шара болашақ авиация мамандары үшін өте маңызды, өйткені халықаралық байланыстарда көптілділік үлкен рөл атқарады