«Мұражайдағы тарих» жобасының қорытынды кеші

Бүгін колледжімізде «Мұражайдағы тарих» жобасының қорытынды кеші өтті. Атаулы іс –шара барысында білім алушыларымыз өздері барып танысқан, әрі терең зерттеген тарихи жәдігерлер туралы әңгімелеп, мұражайларға виртуалды экскурсия жасады. Мұражайлық сағаттардың қорытындысын жасауға Ұлттық Орталық мұражай қызметкерлері қонаққа келді. Құнды жәдігерлер көрмесін ұйымдастырып, олардың тарихын қызықты әңгімелеп берді. Жоба жұмысында тың тақырыптарға жол ашылды.

© 2026 Авиациялық колледж