«StepUp: жаңа бастаулар мен мүмкіндіктер» - «Жалпы білім беру пәндері» циклдік-әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.

«StepUp: жаңа бастаулар мен мүмкіндіктер»
Колледжімізде «Жалпы білім беру пәндері» циклдік-әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.
Онкүндіктің негізгі мақсаты – білім алушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, ғылыми ойлауын қалыптастыру, сондай-ақ білім мен ғылымның маңызын кеңінен насихаттау.
Бұл онкүндік аясында түрлі ашық сабақтар, зияткерлік ойындар, сайыстар мен шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылып, білім алушылар өз білімдері мен қабілеттерін жан-жақты көрсетуге мүмкіндік алады.
«StepUp» – бұл жаңа идеялар, жаңа мүмкіндіктер және үлкен жетістіктерге бастар қадам!
Барша қатысушыларға сәттілік пен шабыт тілейміз! 

Instagram

© 2026 Авиациялық колледж