Қош келдің; Әз-Наурыз!

Көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз келді!
Бұл күн – жаңарудың, бірліктің, татулық пен достықтың символы. Халық дәстүрі бойынша Наурыз – қыстың соңын шығарып, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. 
Мерекеде дастархан жайылып, ұлттық тағамдар дайындалып, түрлі ойындар мен салт-дәстүрлер көрсетіледі. Әр отбасы мен қауым бір-біріне ізгі тілек айтып, қуанышқа кенеледі. Наурыз – тек мереке ғана емес, ол халықтың рухани тірегі, салт-дәстүрі мен мәдениетінің айнасы.

2026ж. 18 наурыз күні Авиация колледжінде «Тілдер» ЦӘК онкүндігіне орай

қазақ және ағылшын тілдерінде «Қош келдің, әз-Наурыз» атты іс-шара өтті.
Мақсаты: Наурыз – береке мен бірліктің, татулық пен мейірімділіктің мерекесі екенін студенттер бойына сіңіру, тілдерін дамыту. Іс –шарада ұлттық билер мен әсем әндер айтылып, күмбірлеген күйлер ойналып, ертегі кейіпкерлерін сомдау арқылы көрініс көрсетілді.

Instagram

© 2026 Авиациялық колледж