Жаңа Конституция жобасымен таныстыру мақсатында 13.02.2026ж. Авиация колледжі оқытушыларының қатысуымен «Ата Заң: өзгерістер мен жаңару» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс- шара барысында тарих пәні оқытушылары еліміздің басты құжаты — Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген соңғы өзгерістерімен таныстырып, осы заң жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар кеңінен талқыланды. Жаңарған Ата Заң-бұл әрқайсымыздың жарқын болашағымыздың кепілі екендігі сөзсіз.