2026 жылдың 9 ақпан күні Авиация колледжінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Кештің басты мақсаты – артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияны сүю, ақын жырларын, әндерін айта отырып, өз елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу, студенттер қауымының әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру болды.
Кеш барысында студенттер М. Мақатаевтың жауһар жырларын оқып, өлеңіне жазылған әсерлі әндерін шырқап, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан қойылым көрсетіп, көрермендердің жүрегінен орын алды.