Мәскеу облысы Ресей Федерациясының ЦАГИ технопаркінде 25-28 қаңтар аралығында Халықаралық авиатехниктер байқауы өтті: Қазақстан Республикасының

Мәскеу облысы Жуковск қаласында орналасқан ЦАГИ технопаркінде (профессор Н.Е.Жуковский атындағы Орталық аэрогидродинамикалық институты) авиация ғылымы мен әлемдік аэродинамика орталығының отанында, әлемдегі ең ұзын ұшу-қону жолақтарының бірі орналасқан жерде 25-28 қаңтар аралығында «Инновациялар және авиациядағы жетістіктер» авиатехниктерінің халықаралық конкурсы өтті, онда Қазақстан Республикасының «Азаматтық авиация академиясы» АҚ Авиациялық колледжінің студенттері жүлделі орындарға ие болды!

Авиация мамандарының кәсіби байқауы ЦАГИ технопаркінің алаңында өтіп, атақты авиаконструктор А.С.Яковлевтің туғанына 120 жыл толуына орайластырылды.

Қатысушылар әуе кемелерінің дөңгелектері мен тежегіш жүйелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша үздік мамандар атағы үшін сайысқа түсті.

Конкурстың қорытындысы бойынша:

Федюшин Артем Николаевич, ТМХ-239-2 тобының студенті

- «Шассидің негізгі тірегінің доңғалағының тежегіші» А модулінде II дәрежелі дипломмен

- В модуліндегі «Ұшақ корпусының ақаулығы» I дәрежелі дипломмен марапатталды

Сонымен қатар, Рахымжан Дидар, ТМХ-239-1 тобының студенті «Шассидің негізгі тірегінің дөңгелектерінің тежегіші» А модулінде III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Біздің конкурсқа қатысушыларымыздың жетекшілері мен тәлімгерлері - Қ.А. Шонжикенов пен Н.Т. Шынғысов.

Осы ретте, Эйр Астана және СКАТ авиакомпанияларының басшылығына студенттерімізді осы конкурсқа дайындауға көрсеткен көмектері үшін ерекше алғыс атап өту қажет.

Студенттерімізді лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және олардың кәсіби даярлығының жоғары деңгейін мақтан тұтамыз!

© 2026 Авиациялық колледж