2026 жылғы 26 қаңтарда «Азаматтық авиация академиясы» АҚ базасында Қысқы мектеп аясында профессор-оқытушылар құрамына арналған «Заманауи оқыту тәжірибелері: педагогикалық әдістер, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект» тақырыбындағы 5 күндік әдістемелік семинар-практикум өз жұмысын бастады.
Семинардың ашылуында ДАР директоры Шанлаяков А.С. құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәтті жұмыс, кәсіби өсу және тәжірибе алмасуда жоғары нәтижелер тіледі.
Іс-шара Азаматтық авиация академиясы колледжінің «Болашақ мансапқа арналған жасанды интеллект құралдары» тақырыбындағы презентациясымен басталды. Презентацияны Даулетханқызы Г., Суименова Л.А., Акилбекова Ж.С. және Никамбаева Н.М. дайындады.
Одан кейін «ООД» кафедрасының сеньор-лекторы Железнова И.О. «Генерацияла, тексер, талда: оқытушыларға арналған Coreapp.ai AI-құралдары» тақырыбында практикалық сессия өткізді. Қатысушылар жасанды интеллект құралдарымен жеке ноутбуктері арқылы белсенді жұмыс жүргізді.
«Білім беру үдерісіндегі жасанды интеллект пен ұлттық құндылықтардың сабақтастығы» тақырыбында «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының сеньор-лекторы, педагогика ғылымдарының магистрі Қондыбай Медет Манасұлы баяндама жасады.
Семинардың екінші бөлімінде ААА профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Баданбеқызы Зәуре «Academic Writing Hub» тұжырымдамасын таныстырып, академиялық жазылым бойынша кіріспе сессия өткізді.
Семинар-практикум пікір алмасумен, тәжірибе бөлісумен және практикалық шешімдер іздеумен қорытындыланды. Іс-шара мазмұнды әрі белсенді атмосферада өтіп, оқытушылардың кәсіби дамуына тиімді алаң болды.