Авиация колледжінде түлектермен дәстүрлі кездесу ұйымдастырылды.

Бүгін Авиация колледжінде түлектермен дәстүрлі кездесу ұйымдастырылды. Бұл іс-шара жыл сайын үздіксіз өткізіліп, колледждің игі дәстүріне айналған. Кездесуге авиация саласында табысты еңбек етіп жүрген жас мамандар арнайы шақырылып, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен, еңбек жолындағы жетістіктері мен қызықты оқиғаларымен бөлісті.

Шара барысында түлектер студенттерге мамандық таңдаудың маңыздылығы, авиация саласындағы жауапкершілік пен мүмкіндіктер туралы айтып, болашаққа нақты мақсат қоюға бағыт-бағдар берді. Кездесу еркін форматта өтіп, студенттер қонақтарға көкейіндегі сұрақтарын қойып, құнды кеңестер алды.

Мұндай кездесулер білім алушылардың кәсіби ынтасын арттырып, болашақ маман ретінде қалыптасуына үлкен серпін береді.

© 2026 Авиациялық колледж