2025 жылғы 19 желтоқсанда «Азаматтық авиация академиясы» АҚ Авиация колледжінің студенттері мен оқытушылары Халықаралық Алматы әуежайына экскурсияға барды. Экскурсия барысында әуежай өкілдерімен кездесу өткізіліп, авиация саласындағы әуежай қызметтерінің жұмысы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Студенттер болашақ мамандықтарына қатысты пайдалы мәліметтер мен тәжірибелік ұсыныстар алды.