📚🎶 «Махаббат туралы өлеңмен сөйлесейік» атты әдеби-музыкалық кеш
🗓 2025 жылдың 19 желтоқсанында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Маханова С.К., Басмаинова Г.С., Абдришина М.Т. ұйымдастыруымен «Махаббат туралы өлеңмен сөйлесейік» тақырыбында әдеби-музыкалық кеш өткізілді.
🎯 Мақсаты – поэзия мен музыка арқылы махаббат тақырыбының тереңдігін көрсету, эстетикалық талғамды, тыңдай білу мәдениетін және сахналық сөйлеу дағдысын дамыту.
🎤 Кеш барысында А.С. Пушкин, С.А. Есенин, В.В. Высоцкий, А.А. Блок, Р. Рождественский және басқа да ақындардың өлеңдері мен әндері орындалды.
🎭 Студенттер классикалық шығармалардан қойылымдар көрсетіп, көрермендерге әсерлі әрі шынайы көңіл-күй сыйлады.