Оқу-ағарту министрлігі мен білім басқармасының тапсырмаларына сәйкес, Шымкент қаласындағы Мемлекеттік автожол колледжінің директоры мен орынбасарлары жұмыс сапарымен біздің колледжге келді.
🤝 Кездесудің басты мақсаты – колледж құрамында авиация мамандарын даярлайтын бөлім ашу бойынша тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек көрсету, оқу үдерісін ұйымдастырудағы тиімді тәсілдермен танысу.
✈️ Іссапар барысында тараптар білім беру және болашақ мамандарды даярлау саласындағы әріптестікті нығайту мәселелерін талқылап, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға келісімге келді.