
Авиация колледжінің оқытушылары «Жас маман-2025» мамандықтар жәрмеңкесіне қатысып, болашақ мамандармен маңызды кездесу өткізді. Бұл шара жас түлектерге бағыт-бағдар беріп, кәсіби жолын дұрыс таңдауға көмектесетін маңызды алаң болды. Оқытушыларымыз студенттерге түрлі мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу барысында түлектер көкейдегі сұрақтарына жауап алып, болашақ жоспарларын айқындауға мүмкіндік алды. Осындай игі бастамалар жастардың болашағына сенімді қадам жасауына үлкен септігін тигізеді!