Колледж туралы

Колледждің жылдық жұмыс жоспары 2024-2025 оқу жылына

«Азаматтық авиация академиясы» АҚ (бұдан әрі – Академия) құрамында еліміздегі орта буын авиация мамандары мен жұмысшы мамандықтарын даярлауды жүзеге асыратын жалғыз техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны (ТжКБ) ретінде Авиация колледжі (бұдан әрі – Колледж) жұмыс істейді.

Бүгінгі күнге 4331-ден астам техник-механик, техник-электрик, радионавигация, радиолокация және байланыс техниктерін, авиатасымалдауды ұйымдастыру бойынша техник-агент мамандары даярланды, сондай-ақ 2003-2014 жылдары шағын авиация үшін 110-нан астам ұшқыш даярлады.

 Колледж негізгі орта білім (9-сыныптан кейін) және жалпы орта білім (11-сыныптан кейін) базасында келесі ОБ бойынша оқытуды жүзеге асырады:

Мамандық атауы және коды

Біліктілігі

07160800 - Жердегі авиациялық радиэлектронды жабдықтарды техникалық пайдалану

4S07160801Радионавигация, радиолокация және байланыс технигі

4S07160802Техник-электрик

 

07161000 -Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу

3W07161001-Авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі слесарь-механик  

3W07161002-Авиациялық техниканы құрастырушы слесарь 

4S07161003-В-3 санатындағы әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету техник-механигі  

4S07161004         -А санатындағы әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету техник-механигі

10410100 -Әуе тасымалдауларын ұйымдастыру

3W10410101-Әуе тасымалдауларды сату және брондау агенті    

4S10410102-Әуе тасымалын ұйымдастыру жөніндегі агенті

 

2024 жылы КС және СБШ қолдана отырып, 13 біліктілік бойынша 5 білім беру бағдарламасы өзектендірілді.

Колледж құрылымдық бөлімше ретінде өз қызметін жүзеге асыру үшін Академиядан қаржыландырылады және қажетті материалдық-техникалық базасы бар.

Соңғы үш жылда жұмыспен қамтудың орташа деңгейі 85% құрайды, олардың 30%-дан астамы жеделдетілген бағдарлама бойынша оқуын жалғастыру үшін арнайы мамандықтар бойынша Академияға түседі.

2022 жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің аккредиттеуден кейінгі мониторингі өтті.

2023 жылы  ақпан айында Алматы қаласының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік аттестаттаудан өтті.

Колледж «Авиациялық техника» бейіні бойынша ӨОӘБ болып табылады, ҒЖБМ ҰТО, ТжКБД Білім министрлігімен, «Talap» КЕАҚ-мен үлкен жұмыс жүргізілуде. 2024 жылы «Авиациялық қауіпсіздік» пәні бойынша Академияға түсетін колледж түлектеріне ТжКБ ҰБТ-ға арналған тест тапсырмалары әзірленіп, сараптамалар жүргізілді.

 

2024-2025 оқу жылына колледж контингенті -1308 адамды құрайды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс -792 адам, ақылы-516 адам.

Дуальды оқыту-176 адам.

Қабылдау -659 адам, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс -432 адам, ақылы-227 адам.

2023 жылғы түлектер саны - 215 адам, оның -107 адамы Азаматтық АА оқуға түсті (мемлекеттік тапсырыс-34, ақылы-73).

2023 жылы жұмысқа орналастыру-85%, 2024 жылы-92,5% құрады.

2025 жылы күтілетін түлек саны - 302 адам.

Колледждің оқытушылар құрамы -89 адам, оның ішінде: ОКП-6; ОҚ -83 (штат-70 адам, совместитель-8 адам, ішкі совместитель-5 адам) ОҚ санаттылығының үлесі -40 %.

Колледждің миссиясы: колледжді дамыту және жаңғырту, саланың қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету. Озық білім беру қағидаттарында білім беру процесін құру, негізгі нәтиже ретінде ICAO және IATA халықаралық талаптарына сәйкес мамандықтар бойынша кәсіби міндеттерді тікелей шешу үшін арнайы пәндер бойынша орта буын авиация мамандарын даярлау жүйесін айқындау.              

Стратегиялық мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағында жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау жөніндегі жетекші ұйым болу.

Колледждің міндеттері: сапалы білім беруді қамтамасыз ету және қолжетімділікті қамтамасыз ету, КС, Менеджмент және инфрақұрылымды дамыту және колледж студенттерінің патриоттық өзін-өзі тануы мен азаматтық белсенділігін нығайту

© 2024 Авиациялық колледж