ҰА мен АҚ ТП бөлімшесі

Бөлім туралы мәліметтер

«Ұшу аппараттары мен авиациялық қозғалтқыштарды техникалық пайдалану» бөлімі азаматтық авиацияға техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
 
- Мамандығы: 07161000 – Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету және  жөндеу,
біліктілігі: 3W07161001  - Авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі слесарь-механик (11 сынып/10 ай);
3W07161002 - Авиациялық техниканы құрастырушы слесарь (11 сынып/1 жыл 10 ай);
4S07161003 – В-3 санатындағы әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі техник-механик (9 сынып/2 жыл 10 ай), 11 сынып/1 жыл 10 ай);
4S07161004 - А санатындағы әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі техник-механик (9 сынып/2 жыл 10 ай), 11 сынып/1 жыл 10 ай).

- Мамандығы: 07160900 - Әуе кемелеріне жерде қызмет көрсету, 
біліктілігі: 3W0716090 - жанар-жағармай материалдары жөніндегі зертханашы (11 сынып/10 ай);
4S07160902 - Жанар-жағар май материалдары жөніндегі авиатехник (9 сынып/2 жыл 10 ай), 11 сынып/1 жыл 10 ай);
4S07160903 - Ұшуды қамтамасыз ету жүйелерінің жарық-техникалық жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электр механик (9 сынып / 2 жыл 10 ай), 11 сынып/1 жыл 10 ай).
- Мамандығы: 07161200 - Әуе кемелерін пайдалану және ұшу-ақпараттық қамтамасыз ету, 
біліктілігі: 4S07161201 - Пилот (11 сынып/1 жыл 10 ай).

Бөлімнің негізгі мақсаты:
Еңбек нарығының өзгеретін қажеттіліктері жағдайында өзінің таңдаған кәсіби қызметінде құзыретті тәсілге бағдарланған көшбасшылық қасиеттері бар жоғары білікті маман даярлау.

Бөлімнің міндеттері:
●    дуальды оқытуды жүзеге асыру; 
●    білім беру үдерісіне құзыреттілікке және басқа да инновациялық технологияларға негізделген ақпараттық-коммуникациялық, жеке тұлғаға бағытталған, модульдік технологияларды енгізу;
●    білім беру үдерісінің барлық кезеңдерінде оқыту сапасын бақылауды әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру;
●    оқу үдерісін реттейтін нормативтік-әдістемелік құжаттарды үнемі жетілдіру;
●    колледж жастарын «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін нығайтуға тарту;
●    үлгерімі жоғары оқушыларды қолдаудың тиімді жүйесін құру;
●    Тәжірибелік оқытудың жаңа технологияларын, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері қызметінің озық тәжірибесін енгізу;
●    Тәжірибелік оқыту ісінде оқытушылар құрамы мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби шеберлігін арттыру және студенттердің кәсіби құзыреттерді игеруі, олардың өзіндік шығармашылық жұмысы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;
●    кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге қатысу.

 


© 2024 Авиациялық колледж