22.04.2025 ж «Жұмысшы мамандықтар жылы» өңірлік жоспары аясында «JasSkills Almaty 2025» кәсіби шеберлік байқауына колледж білім алушылары белсене қатысты.

Чемпионаттың мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және кәсіби дағдыны дамыту. Жарыста сайысқан жас мамандар тәжірибелік дағдысын көрсетіп, мобильді қосымшалар мен графикалық дизайн жасады. Байқау алаңында 20 құзыреттілік бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Байқауға «Мобилография»,«Графикалық дизайн» құзіреттіліктері бойынша колледжіміздің студенттері -Д.Шурхай, А.Саркисов, жетекшісі: Л.А.Суименова қатысып, алғыс хаттармен марапатталды.

© 2025 Авиациялық колледж