Сәуір айының 21 күні биология пәнінің оқытушысы Дәулет Маликұлы ТОП 249-1қМТ группасымен “Адам миы – болашақтың құпия кілті” атты тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында студенттер адам миының құрылымын, орталық жүйке жүйесінің қызметін зерттеді. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, әртүрлі тапсырмалар орындап, жаңа тақырып бойынша жұмыстар жасады. Сонымен қатар, тапсырмалар арасында нейрожаттығу орындап мидың беленділігін арттыруға тырысты.

Ашық сабақ заманауи әдіс-тәсілдермен, цифрлық құралдарды тиімді қолдана отырып өткізілді. Сабақ соңында студенттер алған білімдерін жобалық тапсырмалар арқылы көрсетті.

© 2025 Авиациялық колледж