ООД онкүндігі аясында «Химик УМ – 2025» атты интеллектуалдық ойын өтті.

ООД онкүндігі аясында «Химик УМ – 2025» атты интеллектуалдық ойын өтті. Оған ТМХ-249-2,6, ТОП-249-5,6, ТРД-249-2 топтарының бірінші курс студенттері қатысты. Командалар 5 тақырыптық кезең бойынша бақ сынасты, олардың қатарында викториналар, зертханалық тапсырмалар, химиялық жұмбақтар және есептік тапсырмалар болды.

Ойын барысында қатысушылар өздерінің эрудициясын, командалық рухын және теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану қабілетін көрсетті. Жеңімпаздар естелік дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Ойынды ұйымдастырушылар – Құлжина Т.У. және Ашықбаева Ә.Қ.

© 2025 Авиациялық колледж