Ашық есік күні – болашаққа бастар қадам!
11 сәуір күні колледжімізде өткен дәстүрлі Ашық есік күні аясында талапкерлерге мамандықтар таныстырылып, оқу барысы жайлы толық ақпарат ұсынылды.
Іс-шара соңында студенттердің шығармашылық жұмыстарынан құралған көрме ұйымдастырылып, көрермендер олардың кәсіби шеберлігімен танысты. Көрменің жоғары деңгейде өтуіне жетекші Д.Нарбаев пен ұстаздардың қолдауы ерекше әсер етті.